8, 21, 22 және 23 наурыз күндері еліміздің ХҚКО-лары мен мамандандырылған ХҚКО-лары жұмыс істемейді. Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.
Ақпаратқа сәйкес, осы аптада 6, 7, 9 және 10 наурызда ХҚКО-лар мен МХҚО-лар әдеттегідей жұмыс істейді. 11 наурыз (сенбі күні) кезекші ХҚКО-лар сағат 13-00-ге дейін азаматтарды қабылдайды.
"ХҚКО-лар жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, кезекші ХҚКО-лар жұмыс күндері 09:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі күні сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді", - делінген хабарламада.
Бұдан бөлек Астана, Шымкент және Қызылорда қалаларында кезекші ХҚКО-лардың мекенжайлары өзгерді. Елордада Иманов көшесі, 20, Сәтбаев көшесі, 25 және 20-40 көшесі, 2 мекенжайларында орналасқан кезекші ХҚКО-лар жұмыс күндері сағат 20:00-ге дейін қабылдайды.