Елімізде мерзімді әскери қызмет тоқтатыла ма? Қорғаныс министрлігі осыған қатысты мәлімдеме жасады. Мерзімді әскери қызметтің күшін жою бүкіл мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіреді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.
Сыртқы қатерлер туындаған жағдайда ел аумағында бейбітшілік пен тұрақтылық қамтамасыз етілмейді. "Сондықтан қызмет күшін жою туралы жарияланған петиция мемлекеттің қорғаныс қабілетіне нұқсан келтіру" деп мәлімдеді министрліктегілер. Елді қорғау - оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті екенін де еске салыпты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу