Қазақстанда Ми-8АМТ/Ми-171 тікұшақтары құрастырылады

882

Олар жолаушылар тасуға, салмағы 4000 кг дейін жүктерді кабина ішінде немесе сыртта іліп тасымалдауға, іздеу-құтқару жұмыстары мен өрт сөндіруге арналған.

Қазақстанда Ми-8АМТ/Ми-171 тікұшақтары құрастырылады

"Қазақстан инжиниринг" компаниясы "№ 405 Авиажөндеу зауыты" мен "Ростех" корпорациясына қарасты "Вертолеты России" АҚ-мен Ми-8АМТ/Ми-171Қазақстанда құрастыру туралы келісім жасады, деп хабарлады қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметінен. 

"Тікұшақтарды құрастыру және оны тапсырыс берушінің талабына сай бейімдеу "№ 405 Авиажөндеу зауыты" АҚ өндірістік алаңында іске асырылмақ. Аталған кәсіпорынның Ми-8АМТ/Ми-171 тікұшақтарын жөндеу мен жетілдіруге, сондай-ақ техникалық қызмет көрсетуге талап етілетін қажетті сертификаттары бар.

Сондай-ақ бұл тікұшақтардың осы түрін қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етуге біліктілігі сай келетін Қазақстандағы бірден бір кәсіпорын.

Тікұшақтарды құрастыру өндірісі отандық қорғаныс өнеркәсібін, азаматтық тікұшақ индустриясын және оқу-жаттығу базаларын едәуір дамытуға мұрындық болады. Қазір Ми-8АМТ/Ми-171 тікұшақтарына негізігі тапсырыс берушілер – мемлекеттік мекемелер мен коммерциялық әуе компаниялар.

Ми-8АМТ/Ми-171 тікұшақтарын М.Л. Миль атындағы Мәскеу тікұшақ зауыты жасаған, олар жолаушылар тасуға, салмағы 4000 кг дейін жүктерді кабина ішінде немесе сыртта іліп тасымалдауға, іздеу-құтқару жұмыстары мен өрт сөндіруге арналған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу