Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дамуы және экономиканың цифрлануы жұмыспен қамтудың өзгеше дамуына серпін берді. Фрилансинг бағыты әлемде де, Қазақстанда да барған сайын танымал бола бастады. Қарапайым тілмен айтқанда, фрилансер - бұл өз қызметтерін өзі ұсынатын мамандар, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі finprom.kz-ке сілтеме жасап.
Адам ресурстарын дамыту орталығы дайындаған "Қазақстанның еңбек нарығы: цифрлық шындық жолында" баяндамасына сәйкес, 2021 жылы елде 1 млн-нан астам адам фрилансер ретінде жұмыс істеген. Мұндай жұмысшылардың 21,8%-ы немесе 228,3 мыңы үшін фрилансерлік табыс табудың негізгі жолы болды, ал тағы 78,2%-ы немесе 820,5 мың адам фрилансерлік және тұрақты еңбекпен де қамтылған.
Осылайша, 2021 жылы қызметкерлерді жұмыспен қамтудың жалпы көлеміндегі фрилансерлердің үлесі 16,6%-ды құрады, бұл айтарлықтай маңызды көрсеткіш.
Өңірлік тұрғыда фрилансерлердің басым бөлігі Алматы (244 мың адам) және Астана (133 мың адам) қалаларында, сондай-ақ Түркістан облысында (93 мың адам) жұмыс істеген.
Үздік бестікке Шымкент (71 мың адам) мен Алматы облысы (68 мың адам) кірді.