Қазақстанда митинг ұйымдастырғандарға қатысты жаза күшейтіледі

1012

Бұл жөнінде Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Сенатқа заң жобасын таныстыру барысында айтты. 

Қазақстанда митинг ұйымдастырғандарға қатысты жаза күшейтіледі Фото: 365info.kz

Ол депутаттарға Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын таныстырды деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Жаппай тәртіпсіздікке шақыру: оның ішінде телекоммуникация желісін пайдалану арқылы шақыру, қылмыстық топ құрамында жасалған бұзақылық, ерекше цинизммен және қылмыстық топтың құрамында жасалған кісі өлтіру мен бандитизм үшін санкциялар қатаңдайды. Мұндай қылмыскерлер үшін мерзімінен бұрын босату мүмкіндігі алынып тасталады", - деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу