Қазақстанда мобильді қосымша арқылы жол-көлік оқиғаларын онлайн-тіркеу жоспарлануда

481

Аталмыш қосымшаны іске асыру 2024 жылдың 1 қаңтарына белгіленген. 

Қазақстанда мобильді қосымша арқылы жол-көлік оқиғаларын онлайн-тіркеу жоспарлануда Фото: inbusiness.kz

Жалпы, осы қосымша арқылы полиция мен сақтандыру компаниясын шақырмай, жол-көлік оқиғаларын онлайн ресімдеуге болады. Бұл туралы inbusiness.kz сайты хабарлайды.

Data Hub кредиттік бюросының мәліметінше, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен ҚР ІІМ "Европротокол" мобильдік қосымшасына тестілеуді сәтті өткізді, және оны ҚР Сақтандыру Төлемдеріне Кепілдік Қоры үшін бірінші кредиттік бюро әзірледі.

Айта кету керек, қосымша жүргізушілерге жол-көлік оқиғаларын онлайн тіркеуге және сақтандыру төлемдерін ресімдеуге мүмкіндік береді. Еуропалық хаттаманың шарттары бойынша, залал сомасы 100 АЕК-тен аспауы қажет және жол-көлік оқиғалары салдарынан үшінші тұлғалардың денсаулығына зиян келтірілмеуі тиіс.

Сондай-ақ, қосымша онлайн өтінім беру, биометриялық тексеруден өту, цифрлық құжаттарды қоса беруге және фотосуретпен зақымдану орындарын көрсетуге септігін тигізеді. 1 қаңтардан бастап Еуропалық хаттама қосымшасы бүкіл республика бойынша белсенді болады, ал қазір оны App Store және Google Play қосымшаларынан жүктеуге болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу