Қазақстанда мүгедек жолаушылар үшін 35 вагон сатып алынады

403

Қазіргі уақытта пойыздарда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған 80 вагон бар

Қазақстанда мүгедек жолаушылар үшін 35 вагон сатып алынады Фото: Қармақшы таңы

Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мәлімдеп отыр, деп хабарлайды "Қазақстан жолшысы" басылымы.

Қазақстан 2025-2029 жылдары Stadler компаниясынан 537 вагон сатып алуды жоспарлап отырса, олардың 35-і мүмкіндігі шектеулі жандарға бейімделеді.

2025-2029 жылдардың әрбірінде елге 6 арнайы вагоннан әкелінетін болса, 2030 жылы соңғы 5 вагон жеткізілуі тиіс. Мұндай вагондар көтергіш механизммен жабдықталады.

Басылымның дерегінше, қазіргі таңда Қазақстанда 37 бағыт бойынша қатынайтын пойыздарда мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған орындықтары бар 80 вагон бар. Оның ішінде "Тальго" пойыздарында – 20, стандартты пойыздарда – 60 вагон. Олардың 28-і көтеру механизмімен жабдықтаса, 52 вагонда мұндай құрылғы жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу