Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарға арналған мобильді қосымша іске қосылды

478

Оның көмегімен қазақстандықтар оңалтудың техникалық компенсаторлық құралдарына тапсырыс бере алады.  

Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарға арналған мобильді қосымша іске қосылды Фото: CAME

Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарға арналған Alеumet мобильді қосымшасы іске қосылды.

Қосымша мүлдем тегін және App Store мен Play Store дүкенінен жүктеп алуға болады.

Болашақта қосымшаның функционалдығы кеңейеді. Басқа қызметтерге, соның ішінде шипажай-курорттық емдеуге, ымдау тілі маманына, жеке көмекшіге тапсырыс беруге болады.

2023 жылдың басынан бастап мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік қызметтер порталы (ӘҚП) арқылы 377 мыңнан астам қызмет алды, олардың басым бөлігі оңалтудың техникалық құралдары болып табылады.

ӘҚП пайдалану бойынша консультацияларды 1414 телефоны бойынша қолдау байланыс орталығынан алуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу