Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарға арналған тегін курстар оқытылады

306

Онлайн-жобаға 18-35 жас аралығындағы мүгедектігі бар еліміздің кез келген азаматы қатыса алады. 

Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарға арналған тегін курстар оқытылады Фото: Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі

Мемлекеттік тапсырыс аясында "ITeachMe" қоры мемлекеттік Бірыңғай грант операторының қолдауымен мүгедектігі бар жас қазақстандықтарды СММ-копирайтинг және мобилография курстарын оқыту үшін ITM Academy республикалық жобасын іске қосты.

Іріктеуден өткен 60 студент екі айға созылатын тегін курстан өтеді. Барлық оқу материалдары қазақ, орыс және ымдау тілдерінде қолжетімді. Студенттер курсты аяқтаған соң өз жобаларын қорғайды.

"ITeachMe" қорының басшысы Захира Бегалиеваның айтуынша, оқудан кейін студенттер тез арада жұмысқа тұра алады.

"Біздің оқушыларымыз түрлі компанияларда оффлайн немесе онлайн жұмыс істей алады. Бірақ тәжірибе көрсеткендей, мүгедектігі бар адамдарға біраз кәсіби қолдау қажет. Сондықтан оқуды бітіргеннен кейін біз алдымен түлектерді өзіміздің СММ-агенттігімізге жұмысқа аламыз. Олар сәл бейімделіп, тәжірибе жинағаннан кейін басқа компанияларға орналастырамыз", – дейді Захира Бегалиева.

Естеріңізге сала кетсек, қазақстандықтарды оқытуға арналған бұл курстар Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының мемлекеттік гранты аясында жүргізіледі.

Егер сіз жобаға қатысқыңыз келсе және іріктеу талаптарына сай болсаңыз, төмендегі қарапайым тіркеу үлгісін толтыруыңыз керек https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfBoE5kx9SqCRH8ItPvi2a_m65wFvI8jrefefPiIDJWZMcmPA/viewform?usp=sf_link

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу