Бүгін Мәжіліс екінші оқылымда қабылдаған байланыс, цифрландыру және ақпараттандыру саласына қатысты заңда осы және өзге де бірқатар түзету енгізілді, деп жазады inbusiness.kz.
Байланыс операторлары төтенше жағдай кезінде смс-хабарлама жіберуге міндетті болады.
"Заң жобасы аясында бірқатар түзетулер Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауға бағытталған. Ол 24 қаңтарда 1 оқылымда мақұлданды. Депутаттар ұсынған бастамалардың ішінде бірқатар нормаларды ерекше атап өткім келеді. Пилоттық жоба шеңберінде геостационарлық емес спутниктерді (старлинк, уанвеб) пайдалана отырып, байланыс технологияларын енгізу үшін ерекше реттеу енгізіледі. Бұл шалғай ауылдардағы әлеуметтік нысандарды интернетпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Екатерина Смышляева.