Қазақстанда Мультииндикаторлық кластерлік зерттеу аясында листинг өтіп жатыр

165

20 мамыр мен 10 маусым аралығында еліміздің 20 өңірінде Ұлттық статистика бюросының қызметкерлері "Мультииндикаторлық кластерлік зерттеу (MICS 7)" шеңберінде үй-үйді аралап жатыр.

Қазақстанда Мультииндикаторлық кластерлік зерттеу аясында листинг өтіп жатыр Фото: bala.stat.gov.kz

Аралау кезінде ұлттық статистика бюросының өкілі үй шаруашылығының басшысынан оның атын, сондай-ақ тұрғын үйдегі үй шаруашылықтарының саны туралы ақпаратты және 1 қыркүйектен 30 қарашаға дейін негізгі зерттеу кезінде олар сол үйде тұра ма деп сұрайды.

Қызметкерлерде өзімен бірге тиісті куәлік, сондай-ақ қызметкердің сәйкестендіру картасы болады. Іріктемеге қатысушы елдімекендердің тізімін мына жерден көруге болады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

MICS зерттеуі Қазақстандағы БҰҰ ЮНИСЕФ Балалар қорының техникалық қолдауымен сенімді деректер жинау және талдау арқылы әйелдер мен балалардың құқықтарын қолдау салаларын кеңейту мақсатында жүргізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу