Қазақстанда мұнай экспорты азайып, кей елдерге мүлде тоқтаған

91

Қазақстанның мұнай экспорты 2008 жылдан бергі ең төменгі деңгейге түсті.  

Қазақстанда мұнай экспорты азайып, кей елдерге мүлде тоқтаған Фото: caspiannews.com

Бұл ақпаратты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің таратты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, 2025 жылдың қаңтар-сәуір айларында Қазақстан 11,9 млрд долларға 21,3 млн тонна мұнай экспорттаған, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда тоннамен 12% және құндық мәнде 19% аз.

Айта кету керек, тоннадағы бұл көлем 2008 жылдан бергі ең төменгі көрсеткіш (2008 жылғы қаңтар-сәуірде – 19,9 млн тонна).

Қазақстан мұнайын сатып алуды тоқтатқан елдер: Оңтүстік Корея, Үндістан, Ұлыбритания, Бруней, Хорватия, Израиль, Польша – өткен жылы олардың үлесіне 2 млн тоннаға жуық экспорт – жалпы көлемнің шамамен 8,4%-ы тиесілі болған.

Қазақстан мұнайын сатып алуды айтарлықтай қысқартқан елдер: Қытай (-72%), Сингапур (-65%), АҚШ (-58%), Швейцария (-26%) – барлығы 3,7 млн ​​тоннадан (үлесі–15,2%) 1,5 млн тоннаға (7,2%) дейін азайтты.

Бұл ретте жаңа экспорт басталған елдер: Египет (205 мың тонна), Багам аралдары (97 мың тонна), Ирландия (20,6 мың тонна).

Үздік экспорттық нарықтар: Италия (9,6 млн тонна, -4%), Нидерланды (2,5 млн тонна, +17%), Франция (1,8 млн тонна, -7%), Грекия (1,6 млн тонна, +25%), Румыния (1,5 млн тонна, +15%), Испания (0,98 млн тонна, +92%).

Жалпы, Қазақстан мұнайының Азия мен Америкаға (Қытай, Үндістан, Оңтүстік Корея, АҚШ) экспортының төмендеуі сату географиясының тарылуын және нарықты әртараптандырудың жоғалғанын көрсетеді. Егер бұрын Қазақстан жеткізілімдерді аймақтар арасында белсенді түрде әртараптандырса, қазір экспорттың барлығы дерлік Еуропаға жіберіледі – Еуропаға жеткізілімдердің үлесі 78%-дан 90%-ға дейін өсті. Бұл бір бағытқа тәуелділікті арттырады және елді еуропалық нарықтағы тәуекелдерге, соның ішінде саяси проблемаларға, сұраныстың өзгеруіне, логистикалық кедергілерге және ЕО реттеу саясатына осал етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу