Қазақстанда мұнай өндіру тәулігіне 9%-ға жуық өсті

8 маусымда мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемі 256,6 мың тоннаны құрады. 

Қазақстанда мұнай өндіру тәулігіне 9%-ға жуық өсті Фото: inbusiness.kz

7 маусыммен салыстырғанда ол 8,8%-ға (20,8 мың тонна) артып, екі айға жуық уақыттың ішінде максимумға жетті. 

Бұл Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай және газ ақпараттық-талдау орталығының деректеріне сәйкес, 2023 жылдың 3 қаңтарынан бері салыстырмалы түрде алғанда ең жоғары өсім.

Бұдан жеті күн бұрын, яғни 31 мамырдан 6 маусымға дейін Қазақстанда тәулігіне 230 мың тоннадан кем мұнай мен газ конденсаты өндірілді, орта есеппен 227,4 мың тонна. 

ОПЕК+ жаңа шектеулері енгізілген мамырдың өзінде орташа деңгей әлдеқайда жоғары болды – 243,7 мың тонна. Сонымен бірге, 2023 жылдың алғашқы төрт айында өндіріс көлемі 250 мың тоннаны құрады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу