Қазақстанда "музыкалық жол" пайда болды

785

 "Музыкалық жолдар" жүргізушілерге төтенше қауіпті участкелерде жылдамдықты азайтуға көмектеседі.

Қазақстанда "музыкалық жол" пайда болды

"ҚазАвтоЖол" "Нұр-Сұлтан-Шортанды" автомобиль жолында музыкалық шу жолақтарын орнатты. Компания мұндай технологияның Қазақстанда алғаш рет қолданылып отырғанын айтады. 

 "Музыкалық жолдар" жүргізушілерге төтенше қауіпті участкелерде жылдамдықты азайтуға көмектеседі екен. Автокөліктің дөңгелектері мен суық пластиктен жасалған шу белгісі жанасқанда әуен шығады. Көлік шу жолағынан 90 км/сағ жылдамдығымен жүрген жағдайда әуен дыбысты өзгертеді. Осылайша жүргізушінің назарын аударып, жүру жылдамдығын азайтуға әсер етеді. 

"Пилоттық жоба жол жүру қауіпсіздігі саласына жаңа технологияларды енгізу аясында іске қосылған. Оны жүзеге асыру барысында Германия, Корея, АҚШ пен Жапония елдерінің тәжірибесі ескерілді",– дейді компаниядан.

Егер осы эксперимент жақсы нәтиже көрсетсе, келер жылы өзге де республикалық жолдарға музыкалық жолақтар орнатылмақ. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу