Қазақстанда нан мерекесін бекіту ұсынылды

1111

Қазақстанда нан мерекесін бекіту ұсынылды

Парламент мәжілісінің депутаты  Владислав Косарев Қазақстанда нан күні мерекесін белгілеп, оны жыл сайын өткізу керек деп санайды. Бұл туралы КазТаг жазады.
"Италияда "Қызанақ күнін", Грекияда "Шарап күнін", "Голландияда "Қызғалдақ мен ірімшік күнін" атап өтеді. Ал Германияда "Сыра күнін" тойлайтыны сияқты біз де нан мерекесін бекіту арқылы ең басты асымзға үлкен құрмет көрсете аламыз. Біз де жыл сайын елімізде "Нан күнін" кең көлемде атап өте аламыз", - деді Владислав Косарев премьер-министрдің орынбасарының, ауыл шаруашылығы министрі мен мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының атына жолданған депутаттық сауалында.
Бұл ретте ол атап өткендей, дүкендер мен алаңдарда нан өнімдерінің көрмесін ұйымдастырып, мереке қонақтарына ауыз тигізу керектігін де атап өтті. 
Мәжілісмен Қазақстанның 100 млн дейін адамды нанмен қамтамасыз ете алатынын айтты. Сондықтан нан пісірушілердің еңбегін құрметтеу керек – механизаторларды, аграрлық ғылым қызметкерлерін, элеваторшыларды, нан пісірушілерді, нан өнімдерін сатушыларды құрметтеу керек. 
"Нан өсіруде жоғары көрсеткішке жеткен механизаторларды, жоғары сапалы өнімге қол жеткізген наубайшыларды, қайта өңдеушілерді елеуіміз керек. Осы күні билік өкілдері науқастарды, қарттарды аралып, оларға сыйлыққа түрлі нан өнімдерін алып барса болады. Осылайша адамдар арасында нан мен бидайдан жасалатын тағамдардың қоғамдағы маңызын түсінер еді", - деді депутат.  
Қорытындысында Владислав Косарев атап өткендей, әлбетте, қазақстандықтар мұндай мерекені жылы қабылдайды және негізгі азықты өсіретіндер мен оны жасайтындардың еңбегіне құрметпен қарайтын болады.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу