Қазақстанда нәрестелі болған отбасыларға несие демалысын беру ұсынылды

162

Жас отбасылардың қаржылық қиындықтары елдегі туу көрсеткішінің төмендеуіне әсер етіп отыр.

Қазақстанда нәрестелі болған отбасыларға несие демалысын беру ұсынылды Фото: ЖИ көмегімен жасалды

Қазақстан Халық кеңесінің мүшесі Мұрат Әбенов бала дүниеге келген отбасыларға несие төлеу мерзімін уақытша шегеруді ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мұрат Әбеновтің айтуынша, несиелік жүктеменің артуы, тұрақты жұмыс пен баспананың болмауы ерлі-зайыптылардың бала сүю туралы шешіміне кері ықпал етеді. Ол отбасыларды қаржылық қысымнан қорғау үшін бірқатар шара қабылдау қажет деп есептейді.

Атап айтқанда, микроқаржы ұйымдарының қызметіне бақылауды күшейту, жеке сот орындаушыларының азаматтар шоттарын жаппай бұғаттауына жол бермеу және сәби дүниеге келген кезде пайызсыз несие демалысын автоматты түрде енгізу ұсынылды.

Ұлттық статистика бюросының дерегіне сәйкес, Қазақстанда туу көрсеткіші соңғы жылдары төмендеген.

2021 жылы 446 мыңға жуық сәби дүниеге келсе, 2025 жылы бұл көрсеткіш 335 мыңға дейін азайған. Ал 2026 жылдың алғашқы тоғыз айында 227 мың бала туған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу