Қазақстанда нашақорлыққа қарсы күрестің жаңа жоспары әзірленеді

146

Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин телеграм-арнасында жазды.  

Қазақстанда нашақорлыққа қарсы күрестің жаңа жоспары әзірленеді Фото: vlast.kz

Құжат жобасы қолданыстағы 2023-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарды іске асыру тәжірибесі негізінде әзірленіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қазір 2026-2028 жылдарға арналған жаңа кешенді жоспар әзірленіп жатыр. Президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің мүшелері аталған жобаны талқылады.

Жаңа жоспар әлдеқайда ауқымдырақ – 109 тармақтан тұрады. Нашақорлықтың алдын алу мәселелеріне айрықша көңіл бөлінген. Жаңа технологиялар енгізіледі", – деп жазды Мемлекеттік кеңесші.

Айта кетейік, 2023 жылы Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар қабылданған.

Осылайша нашақорлықтың таралуына қарсы күрес жұмысы жандана түсті: 50,4 тонна есірткі және 105,2 тонна прекурсор тәркіленді; 25 ұйымдасқан қылмыстық топ, оның ішінде 4 трансұлттық топ жойылды; 71 есірткі зертханасының қызметі тоқтатылды; есірткі саудасымен айналысатын 6 мың сайт бұғатталды; есірткі таратушылардың 2,5 млрд теңгеден астам сомасы бар 44 мыңнан аса банк картасы бұғатталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу