Қазақстанда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі артты

553

Өсім 19,2 пайызды құрады.  

Қазақстанда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі артты Фото: businessmir.kz

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабрлады, деп жазады inbusiness.kz.

"Барлық меншік нысанындағы ұйымдардың жаңа негізгі қорлардың сатып алуына биылғы қаңтар-ақпанда 1616,4 млрд теңге бағытталды. Бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда негізгі капиталға салынған инвестициялардың (салыстырмалы бағамен) 19,2%-ға өсуін қамтамасыз етті", - делінген хабарламада.

Ақпаратқа сәйкес, негізгі капиталға салынған инвестициялардың ұлғаюы 19 өңірде тіркелді, ал Абай облысында 4,5%-ға азаюы байқалған. Инвестицияның негізгі үлесі Атырау облысына (26,2%) құйылды.

"Секторда инвестициялардың басым үлесі өнеркәсіп (53,1%), тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу (39%), көлік пен қойма (9,5%), жылжымайтын мүлікпен байланысты операцияларға (21%) тиесілі болды", - деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу