АХАТ функцияларының мемлекеттік корпорацияға берілгеннен кейінгі қызмет көрсету тәртібі туралы Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Алматы қаласы бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының өкілдері айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Естеріңізге сала кетейік, 1 шілдеден бастап АХАТ функциялары Мемлекеттік корпорацияға берілетін болады. Бұл ретте некені тіркеу үшін өтініш беру рәсімі өзгеріссіз қалады. Олар аудандық және қалалық АХАТ бөлімдері орындайды. Бұдан басқа, электрондық үкімет порталы арқылы онлайн өтініш беру мүмкіндігі сақталады", - деді Алматы қаласы бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы филиалы директорының орынбасары Әсем Болатбекова.
Спикердің сөзінше, АХАТ функциясын ХҚО-ларға берудің басты себебі - цифрландыруға көші процесін жүзеге асыру.
"АХАЖ функцияларының Мемлекеттік корпорацияға берілуінің басты себептерінің бірі – АХАТ электрондық базасында жүргізілген цифрландырудың сапасыздығы. Атап айтқанда сапасыз сканерленген құжаттар, қате деректер енгізу, өзгерістер тіркелмеген. Айта кету керек, құжаттар 1937 жылдан бастап сканерленіп, базаға енгізіліп келеді", - деп толықтырды ол.
Айта кету керек, некені тіркеу (некені тіркеуге өтініштерді қабылдау, өңдеу, шешім қабылдау және нәтиже шығару) АХАТ бөлімдерінде қолданыстағы тәртіппен жүзеге асырылады. Тиісінше, ХҚКО-ларда салтанатты тіркеу жүргізілмейді.