Қазақстанда некеге тұрудың орташа жасы ұлғайды

669

Биыл бірінші жартыжылдықта елімізде 53 700 неке қиылған.

Қазақстанда некеге тұрудың орташа жасы ұлғайды Фото: pexels

Жас отбасылардың арасында 21,6% ерлер, 16,6% әйелдер 35 жастан асқан, яғни олар жас жұбайлар ретінде саналмайды, деп хабарлайды Inbusiness.kz energyprom.kz порталына сілтеме жасап.

Биыл бірінші жартыжылдықта елімізде 53 700 неке қиылған, былтыр осы уақытта 55 100 болған. 

Жас отбасылардың арасында 21,6% ерлер, 16,6% әйелдер 35 жастан асқан, яғни олар жас жұбайлар ретінде саналмайды. Қазақстанда 14–35 жас аралығындағы азаматтар ғана жастар санатына жатады.

2022 жылдың қорытындысы бойынша, ер адамдар үшін Қазақстанда алғашқы некеге тұрудың орташа жасы 28 жыл болды, ал он жыл бұрын 26,9 ғана болған. Әйелдер үшін бұл көрсеткіш соңғы он жылдықта 24,4 жастан 25,2 жасқа дейін өсті.

Қазақстандықтардың көбі кеш үйленеді. 2022 жылдың қорытындысы бойынша, қазақстандықтар үшін туу кезіндегі өмір сүру ұзақтығы 74,4 жасты құрады, ал жиырма жыл бұрынғы көрсеткіш – 66 жас. Қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы 2000 жылдың басына қарағанда едәуір ұзарды, сондықтан отбасын кеш құру – ұзақ өмір сүру сияқты қалыпты жағдай.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу