Қазақстанда несие алу рекордтық деңгейге жетті

1147

Қазақстанда несие алу рекордтық деңгейге жетті

Тұтыну несиелерінің көлемі екінші ай қатарынан рекордты жаңартып отыр. 2017 жылдың тамызының қорытындысы бойынша, ҚР екінші деңгейлі банктерінің тұтыну несиелерінің портфелі бір айда 3,0% ұлғайып, 2,8 трлн теңгеге жетті. Ал бір жылда бұл көрсеткіш 12,1% ұлғайған, деп хабарлайды naryk.kz.

Екінші деңгейлі банктердің жалпы несиелік портфедінің ішіндегі тұтыну несиелерінің үлесі бір жылда 19,7%-дан 21,5%-ға көтерілді.

Ал бір жылда уақыты өтіп кеткен несиенің үлесі тамыз соңындағы көрсеткіш бойыша 8,5%-дан 7,0%-ға азайып, 195,8 млрд теңгені құрады.

Елдің 16 өңірі де бір жылда тұтыну несиелерінің көлемін арттырған.

Соның ішінде астаналықтардың несие алу қарқыны көш басында. Бір жылда Астанадағы тұтыну несиесінің өсімі 16,8% болса (33 млрд ұлғайып, 229,8 млрд теңгеге жетті), жалпы республикадағы көрсеткіштегі үлесі7,9%-дан 8,2%-ға артты.

Екінші орындағы Алматының жылдық өсімі 30,9 млрд теңге 3,0%, яғни 1045,0 млрд теңгеге жетті. Ал республика бойынша үлесі 40,6%-дан 37,3%-ға азайды.

Алғашқы үштікті Қарағанды облысы қорытындылайды. Қарағандылықтар бір жылда алған несиелерінің көлемін 30,1 млрд теңгеге ұлғайтып (20,4%), 177,1 млрд теңгеге жеткізді. Республикалық көрсеткіштегі үлесі 5,9%-дан 6,3%-ға көбейді.

Қазақстан бойынша ең қолжетімді несие 1 млн теңгеге дейінгі кепілзатсыз несие.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу