Қазақстанда ойын бизнесіне салық екі есеге өсуі мүмкін

1050

Қазақстанда ойын бизнесіне салық екі есеге өсуі мүмкін

Бүгін парламент сенатының жалпы отырысында жаңа салық кодексінің жобасын және оған ілеспе екі заң жобасын талқылады. Құжаттарға түзетулер енгізілгендіктен, олар мәжіліске қайтарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" ҚР кодексінің жобасы, сондай-ақ салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" кодексті қолданысқа енгізу туралы, "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобалары сенат отырысында талқыланып, бірінші оқылымда мақұлданды. Талқылау барысында және құжаттарды екінші оқылымға дайындық кезінде жобаларға өзгертулер мен толықтырулар енгізу қажеттігі туындады", - деп түсіндірді сенатор Дәурен Әділбеков.

Оның сөзіне қарағанда, салық кодексі жобасына қатысты тиісті түзетулер қамтылған. Бұл ретте фармацевтикалық қызметтер мен есеп бойынша және медициналық сипаттағы дәрілік заттар мен бұйымдарды сату қызметтерін ҚҚС-тен босату қарастырылған. Бұдан бөлек, түзетулердің арасында ойын бизнесіне салықты екі есеге арттыру ескерілген. Сонымен қатар букмекерлік кеңселер үшін электронды касса бойынша мөлшерлемелердің 1,5 есеге өсуі ескерілген.

Жалпы отырыс барысында жасаған баяндамасында ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов кодекс жобасында идеологияны өзгерту, ынталандыру және әкімшілендіруді жеңілдету көзделгенін атап өтті. "Идеология адал салық төлеушілерді қорғауға бағытталады. Экономиканың әр түрлі салалары ынталандыруға ие болады. Әкімшілендіру жеңілдетіледі және салықты өз бетінше төлеуге ынталандырады", - деп тоқталды.

Оның сөзіне қарағанда, бірінші бағытта шағын және орта бизнесті дамыту шаралары ескерілген. Қолданыстағы арнайы салық режімдерін сақтау көзделуде. Сонымен қатар патентте мөлшерлеме 2 пайыздан 1 пайызға дейін төмендетіледі. Бұл міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізуге байланысты салықтық жүктемені төмендету үшін жасалуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу