Қазақстанда оқулықтарды таңдауға арналған электронды платформа әзірленді

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі хабарлайды. 

Қазақстанда оқулықтарды таңдауға арналған электронды платформа әзірленді Фото: inbusiness.kz

Республикалық білім беру мазмұнын сараптау ғылыми-тәжірибелік орталығы оқулықтарды таңдау үшін арнайы платформа дайындады. Бұл мұғалімдерге мектеп оқулықтарын таңдауға мүмкіндік береді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Айта кетейік, etandau.gov.kz платформасы – тек мұғалімдерге, мектеп директорларына, әдістемелік бірлестіктердің басшыларына, кітапханашыларға және білім бөлімдеріне арналған жабық жүйе. Жүйе оқулықты таңдау процесін автоматтандыру арқылы қабылданған шешімдердің әділдігі мен ашықтығын арттыруға көмектеседі.

"Электрондық платформа мұғалімдерге өз оқулығын таңдауға мүмкіндік береді. Оқу-әдістемелік құралды дұрыс таңдау оқу үдерісін сапалы ұйымдастыруда маңызды рөл атқарады", – деп атап өтті Орталықтың директоры Нәзира Әбдірахманова.

Қазіргі таңда, платформа сынақтан өтуде және оны зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ, пилоттық жобаға Астана қаласы мен Қостанай облысының 20 мектептері қатысуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу