Қазақстанда оң рульді көліктерге тыйым салынады

609

Бұйрық жобасы Ашық НҚА порталында орналастырылды.

Қазақстанда оң рульді көліктерге тыйым салынады Фото: inbusiness.kz

Индустрия министрлігі "Оң рульді көліктер мен олардың корпусының жекелеген түрлерін әкелуді реттеудің кейбір мәселелері туралы" бұйрық жобасын дайындады, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Бұйрық жобасында Қазақстанға 6 ай мерзімге оң рульді көліктерді әкелуге тыйым салуды енгізу қарастырылған.

Сондай-ақ, белгіленген тыйымның орындалуын бақылауды қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен бірлесіп жүзеге асырылатын болады.

Жоба 13 қыркүйекке дейін қоғам талқылауына ұсынылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу