Қазақстанда өндірілетін азық-түлікке валюта бағамының өзгеруі әсер ете ме?

104

Бүгін Парламент Мәжілісінде тілшілер таяуда дүкен сөрелерінде азық-түліктің қымбаттауы мүмкіндігіне қатысты сұрақ қойды.

Қазақстанда өндірілетін азық-түлікке валюта бағамының өзгеруі әсер ете ме? Фото: canva.com

Қазақстанда өндірілетін азық-түлікке валюта бағамының өзгеруі әсер етпеуі тиіс. Бұл туралы Үкімет басшысының орынбасары Серік Жұманғарин айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Өз кезегінде С.Жұманғарин азық-түліктің айтарлықтай қымбаттамайтынын айтты.

"Жаңажылдық мереке қарсаңында қандай да бір дүрбелең болуы мүмкін. Дәстүрлі түрде жыл аяғында сұраныстың тым жоғары болуы салдарынан бағаны көтеріп жатады. Яғни тұрғындар осы уақыт аралығында азық-түлік пен тауарларды бірден көп көлемде сатып алады. Бұл ретте нарықта ұсыныстан сұраныс көлемі арта түседі де, баға өседі", – деді Үкімет басшысының орынбасары.

Серік Жұманғарин қысқа мерзімде доллар бағамының өзгеруі азық-түліктің құнына әсер етпейтінін айтты.

"Импортталатын өнімдердің кейбір қымбат сегменттерінде баға өсуі ықтимал. Мәселен, Франциядағы фуа-граны алсаңыз, қымбатқа түсетіні белгілі. Өйткені сіз оны шетел валютасына сатып аласыз. Сондай-ақ шетелдік қымбат шараптарды сатып алатындар да осындай жағдайға тап болады. Ал Қазақстанда өндірілетін құс етіне немесе өзіміздің нанға доллардың қандай қатысы бар?" – деді Премьер-министрдің орынбасары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу