Қазақстанда өнеркәсіп өндірісі қаңтар-қазанда 0,6% төмендеді

1388

Өнеркәсіп өндірісі 2019 жылы 3,8% өскен болатын. 

Қазақстанда өнеркәсіп өндірісі қаңтар-қазанда 0,6% төмендеді

Қазақстанда өнеркәсіп өндірісі 2020 жылдың қаңтар-қазанында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,6% төмендеді, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.

Тау-кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді қазу өнеркәсібінде өндіріс 3,1% -ға, сумен жабдықтау, ластау шараларынан шыққан қалдықтарды жинау, тазарту және жою бойынша өндіріс 3,6% төмендеді. Өңдеу өнеркәсібінде, керісінше өндіріс 3,2%, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда 0,9% өсті.

2020 жылғы қаңтар-қазанда шикі мұнай, табиғи газ өндіру және металл кендерін өндіру 2019 жылдың қаңтар-қазанымен салыстырғанда төмендеді. Тамақ өнімдері, сусындар, ағаштан жасалған бұйымдар, фармацевтика және машина жасау өндірісі өсті. Мұнай өнімдерінің өндірісі және химия өнеркәсібі төмендеді.

Өнеркәсіптік өндірістің өсуі республиканың 17 облысының 11-інде байқалды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу