Қазақстанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі бір жылда 2,7%-ға өскен

1277

2021 жылғы қаңтар-қыркүйекте өнеркәсіп өндірісінің көлемі өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 2,7%-ға артқан, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Қазақстанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі бір жылда 2,7%-ға өскен

Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда өндірісі 0,8%-ға қысқарған.

Сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, өндірістегі қалдықтарды жою 8,5%-ға, электр энергиясы, газ, бу, ыстық су және кондиционерленген ауамен қамтамасыз ету 6,1%-ға, өңдеу өнеркәсібі 5,7%-ға өскен.

2021 жылғы қаңтар-қыркүйекте өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда тамақ өнімдері, сусындар, резеңке және пластмасса бұйымдары, өзге де металл емес минералдық өнімдер, химия және фармацевтика өнімдері, жеңіл өнеркәсіп және машина жасау өндірісінің көлемі өскен. Алайда көмір, шикі мұнай және табиғи газ өндіру қысқарған.

17 өңірдің 14-інде өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі ұлғайған.

Айта кетейік, 2020 жылы Қазақстанда өнеркәсіп өндірісі 0,7%-ға төмендеген еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу