Агенттіктің мәліметінше, қазақстандық танымал блогерлер жеңіл ақша табу үшін онлайн-құмар ойындарды ашық жарнамалап, халықты алдап жүр, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Қаржы мониторингі агенттігі төраға орынбасары Қайрат Бижанов үкімет отырысында цифрлық кеңістіктегі жаңа қатерлер туралы айтты.
"Қазір 37 адам анықталды, оның 18-і әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың көбі мұны білмей жасаған жоқ, керісінше заңды жиі бұзуды әдетке айналдырған. Құмар ойын жарнамалауға байланысты нақты жауапкершіліктің жоқтығы мәселені ушықтырып отыр. Сондықтан біз қаржы пирамидасына ұқсас онлайн-казиноларды жарнамалауға қылмыстық жауапкершілік енгізуді ұсынамыз", – деді Қайрат Бижанов.
Бұған дейін елімізде құмар ойындарды жарнамалаған 34 блогер жазаланатынын жазған болатынбыз.