Қазақстанда Оңтүстік Кореяның қатысуымен 500-ден астам компания жұмыс істейді

876

"Бәйтерек" холдингінің басқарма төрағасының орынбасары Әнуар Омарқожаев бастаған делегация Оңтүстік Кореяға жұмыс сапарымен барды.

Қазақстанда Оңтүстік Кореяның қатысуымен 500-ден астам компания жұмыс істейді

Сапар бағдарламасы Кореяның KOLON Investment, Кореяның Шетелдік қала инфрақұрылымын дамыту корпорациясы, EximBank, Hyundai E&C, Кореялық даму институты (KDI), K-Sure сауданы сақтандыру корпорациясы, Кореяның инвестициялық корпорациясы (KIC), Тұрғын үй және қаланы дамыту кепілдігі корпорациясы, SK Lubricants, Корей технологиялық даму институты (KIAT) сияқты ірі корпорацияларымен іскерлік кездесулерді және бірлескен жобаларды қолдау бойынша бизнес-семинарды қамтиды, деп хабарлайды холдингтің баспасөз қызметі.

Осы кездесулер шеңберінде медицина, энергетика, сондай-ақ мемлекеттік-жеке меншік әріптестік механизмін қолданатын тұрғын үй және әлеуметтік инфрақұрылым саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды. Холдингтің қолдауымен Қазақстанда жобаларға қатысу үшін бірнеше кореялық компаниялармен уағдаластыққа қол жеткізілді.

Корей кәсіпкерлері тарапы Корей сауда-өнеркәсіп палатасы мен Қазақстанның Кореядағы елшілігі ұйымдастырған "Бәйтерек" холдингі компаниялар тобының қазақстандық-кореялық жобаларын қаржылай және қаржылық емес қолдау" атты бизнес-семинарға үлкен қызығушылық танытты. Атап айтқанда, кореялық компаниялар Түркістан облысындағы жол құрылысы жобасына өз қызығушылықтарын білдірді.

"Бәйтерек" холдингі басқармасы төрағасының орынбасары Әнуар Омарқожаев өз баяндамасында Оңтүстік Кореяның қатысуымен 500-ден астам компания Қазақстанда белсенді жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу