Қазақстанда орман дәуірі басталды

161

Тәуелсіздік жылдарында елдегі орман қоры 6,9 млн гектарға көбейіп, бүгінде 31,4 млн гектарға жетті.

Қазақстанда орман дәуірі басталды Фото: ЖИ

Орманмен көмкерілген жер көлемі 14 млн гектарды құрап, елдегі орман үлесі 3,8%-дан 5,1%-ға дейін артқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Вице-министрдің айтуынша, Қазақстан алдағы уақытта да орман алқаптарын кеңейтуді жалғастырады. 2030 жылға қарай орманмен көмкерілген жер көлемін 14,5 млн гектарға жеткізу жоспарланған.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, елімізде мемлекеттік орман қорында 2 млрд ағаш отырғызу жұмысы жүргізіліп жатыр. 2021 жылдан бері 1,6 млрд-тан астам көшет отырғызылған.

Сонымен қатар, Арал өңіріндегі экологиялық жағдайға ерекше назар аударылып отыр.

"Тиімді тәсілдердің бірі – құрғаған теңіз табанын жергілікті өсімдіктермен, әсіресе сексеуілмен көгалдандыру. Бұл топырақты бекітіп, құм көшуі мен шаң-тозаңның таралуын азайтады. 2021 жылдан бері 1,1 млн гектар жерге сексеуіл отырғызылды. Өзбекстанмен бірлескен жұмыстар да жалғасып жатыр", – деді Нұрлан Құрмалаев.

Тағы бір маңызды қадам – Қазақстан ұсынған "Орталық Азияның жасыл қалқаны" бастамасы. Бұл бастама жердің тозуын азайтып, құмның көшуін тоқтатуға және өңірдің ауа райын жақсартуға көмектесетін орман алқаптарын көбейтуді көздейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу