Қазақстанда орташа айлық жалақы өсті

1661

Қазақстанда орташа айлық жалақы өсті

Қазақстанда орташа жалақы 140,8 мың теңгеге дейін жетті. Яғни жыл басынан бері айлық мөлшер 1,9 пайызға артқан. Бұл туралы үкіметте Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлімдеді.

Сала басшысының айтуынша, маусымда жылдық инфлация 9,8-ден 7,5 пайызға төмендеген. Бұған теңгенің нығаюуы әсер етіп отыр. Сондай-ақ, министр ішкі және сыртқы дамудың әсерінен Қазақстан экономикасы жақсара түскендігін айтты. Жыл басынан бері жалпы ішкі өнім 4,2 пайызға артқан. Оның 2,6 пайыз үлесін тауар өндірісі құрап отыр. Ал, жұмыссыздық деңгейі болса, 4,9 пайызды көрсетуде.

Тимур Сүлейменов, ҚР ұлттық экономика министрі: "Жалпы ішкі өнімнің 4,2 пайыз үлесін тауар өндірісі қызмет көрсету және өнімдер салығы құрайды. Жыл басынан бері өнеркәсіпте 7,8, ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінде 3,1 пайыз өсім байқалады. Құрылыс жұмыстарының көлемі 5,9 пайызға артқан. Мемлекеттік бюджеттің кірістері 3 407,2 млрд теңгені құрады".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу