Қазақстанда орташа зейнетақы мөлшері белгілі болды

443

Жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 937 теңге болды.

Қазақстанда орташа зейнетақы мөлшері белгілі болды Фото: inbusiness.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшерін жариялады, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 2 триллион 200,8 миллирад теңге сомасына зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 675,2 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 1 триллион 525,6 миллиард теңге қарастырылған.

2023 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 миллион 305 мың адам.

"2023 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 937 теңге болды, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 83 072 теңге, базалық зейнетақы – 37 865 теңге", делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу