Елімізде орташа жалақы 350 мың теңгеден асты. Былтырғы жылдың сәйкес кезеңінде 299 мың теңге болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Сонымен ең жоғарғы айлық бүгінде Атырау облысында. Мұндағы тұрғындар орта есеппен 602 мың теңге табыс табады.
Екінші орында Маңғыстау облысы тұр. Өңірде орташа жалақы - 519 мың теңге. Ұлытауда 471 мың теңге. Ал ең төменгі табыс Түркістан облысында.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу