Қазақстанда орташа жалақыны есептеу ережелеріне түзетулер енгізілді

284

Жұмыс істемей тұрған жағдайда қызметкерлерге төленген сомалар орташа жалақы есебіне енгізілмейтіні анықталды. 

Қазақстанда орташа жалақыны есептеу ережелеріне түзетулер енгізілді Фото: inbusiness.kz

Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай қағидаларына түзетулер енгізілді. Бұл туралы ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығында айтылған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сондай-ақ, орташа жалақыны есептеу тәртібін айқындау бойынша толықтырулар енгізілген болатын:

  • жұмыс уақытының жиынтық есебі кезінде;
  • жұмыс уақытының жиынтық есебі бойынша, жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақыны есептеу үшін;
  • жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының пайдаланылмаған күндері үшін өтемақы төлемін есептеу үшін, оның ішінде жұмыс уақытының жиынтық есебі кезінде.

Сонымен қатар, жұмыс істемей тұрған жағдайда қызметкерлерге төленген сомалар орташа жалақы есебіне енгізілмейтіні анықталды. Өзгерістер мен толықтырулар ҚР ЕХӘҚМ 2023 жылғы 12 желтоқсандағы № 504 бұйрығымен енгізілді. Олар 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу