Қазақстанда орыс тілі жөніндегі халықаралық ұйым құрылады

954

Ұйымның ресми және жұмыс тілі – орыс тілі.

Қазақстанда орыс тілі жөніндегі халықаралық ұйым құрылады Фото: комсомольская правда

Ашық НҚА порталында “Орыс тілі жөніндегі халықаралық ұйымды құру туралы шартты ратификациялау туралы” заңды мәжілістің қарауына енгізу туралы үкімет қаулысы жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сондай-ақ, қаулы жобасына қосымша ретінде орыс тілі жөніндегі халықаралық ұйымды құру жөніндегі шарт берілген.

Бұл шартқа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Беларусь және Ресейдің бірінші басшылары биылғы қаңтарда қол қойған еді. 

Құжатта халықаралық ұйымның қандай жұмыстармен айналысатыны және қалай қаржыландырылатыны жазылған. Мұның негізінде ұйым оған мүше елдердің үлестік жарналары мен ерікті жарналары және ұйым қызметі аясында бағдарламаларды жүзеге асыруға бөлетін қаражаты есебінен қаржыландырылады. Үлестік жарнаның мөлшері құжатта нақтыланбаған. 

Айта кетейік, ұйымның ресми және жұмыс тілі – орыс тілі. Ұйымды бас хатшы басқарса, ал хатшылық Ресей Федерациясының Сочи қаласында орналаспақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу