Қазақстанда орыс тілінің жағдайы нашарлап жатқан жоқ, бірақ қазақ тілінде білім беруге сұраныс артып келеді – Президент

2643

Қазақстанда орыс тілінің жағдайы нашарлап жатқан жоқ, бірақ қазақ тілінде білім беруге сұраныс артып келеді, деп мәлімдеді Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Россия 24" телеарнасының журналисті Андрей Кондрашовқа берген сұхбатында.  

Қазақстанда орыс тілінің жағдайы нашарлап жатқан жоқ, бірақ қазақ тілінде білім беруге сұраныс артып келеді – Президент

"Қазақстандағы орыс тілінің жағдайы нашарлаған жоқ, мен бұған сенімдімін. Орыс тілінде оқытатын мектептердің санына келетін болсақ, олар бұрынғысынша қалды. Бірақ басқа нәрсе және бұл шындық. Қазақ тілінде білімге деген сұраныс артып келеді. Мұны да ескеру керек", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Ол Қазақстан қазақ тілін үйренгісі келетін азаматтардың мүддесін қамтамасыз етіп, балаларын қазақ балабақшалары мен қазақ мектептеріне беруі керектігін атап өтті.

"Орыс тілі болмаса, әрине, қазаққа өте қиын болатынын біз анық түсінеміз. Арамызда әлемдегі ең ұзын шекара бар, былайша айтқанда, Құдай қосқан көршілерміз. Сондықтан қазақтар орыс тілін білуі керек, бірақ сонымен бірге өз тілін де білу маңызды", – деп қосты Тоқаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу