Қазақстанда отандық көліктерді жеңілдетілген несиемен алу одан әрі жалғасады

999

Қазақстанда отандық көліктерді жеңілдетілген несиемен алу одан әрі жалғасады

Автокөліктерді сатып алуға арналған жеңілдетілген несие бағдарламасы биыл да сұранысқа ие болады деген болжам бар. Бұл туралы Қазақстанның автобизнес қауымдастығына сілтеме жасап "ҚазАқпарат" ХАА хабарлайды.

Қауымдастық мәліметіне қарағанда, 2015 жылдың мамыры мен 2016 жылдың қарашасы аралығында аталған бағдарлама бойынша 87586 жеңіл көлік, сондай-ақ 20 665 отандық жеңіл көлік сатылған. Қазақстанда шығарылған жеңіл автомобиль сатылымындағы жеңілдетілген несие үлесі 39,6 пайызды құрайды. "2017 жылдың тренді: жеңілдетілген несие бағдарламасы 2017 жылы да халықтың арасында танымалдыққа ие болады. Танымалдықтың артуына кәдеге жаратылған көліктерді сертификаттау бағдарламасының басталуы мен лимиттің 15 млн. теңгеге дейін көтерілуі ықпал етеді",-  деді қауымдастықтан.

Айта кетейік, Қазақстанда Ұлттық қор қаражаты есебінен жеңілдетілген автонесиелер беру жүзеге асырылуда. Шартқа сәйкес, атаулы сыйақы мөлшерлемесі — жылына 4 процент, сонымен қатар жылдық тиімді мөлшерлеме 7,5 проценттен аспауы тиіс. Несие мерзімі 5 жылға дейін, ал жеңіл көліктің бағасы — 9 миллион теңгеден аспауы тиіс. Бастапқы жарна көлік құнының бестен бір бөлігін құрауы қажет.

Тұтынушыларға Қазақстанда құрастырылатын Kia, Toyota, Chevrolet, Skoda, Hyundai сияқты брендтердің 37 көлік моделі ұсынылады. Айта кетейік, аталмыш шара жергілікті автокөлік өндірісін дамытуға қуатты серпін берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу