Қазақстанда отандық криптовалюталар шығарылады

2111

 Қазақстанда отандық криптовалюталар шығарылады

Қазақстанда алғаш рет екі бірдей криптовалюта шығарылады. Алтын коин және Еуразиян коин деп аталатын сандық ақша 2018 жылдан бастап айналымға енгізіледі. Қазір жобаны СитиСмартГруп және Трансэнденс компаниялары жасап жатыр. Бастапқыда Алтынкоин номиналдары 50 долларға бағаланбақ. Сондай-ақ, ол алтынға бекітілген. Бұл онлайн валюталарды электронды қызметтерді төлеуге және тұтынушыны көптеп тартуға пайдаланбақ. Өйткені, криптавалюта биржаға қатысу арқылы өздігінен өседі. Қолданушылар онлайн ақшамен мейрамханаларда, қонақүй қызметтерін төлеп, әуе билеттерін сатып ала алады. Қазір Дубайда АйСиО биржасына шығару жұмыстары жүріп жатыр. Ал келер жылы 30 млн алтын коин шығарылады.

"...бірінші этапты алсақ, (мыңдағыдай деген сөзді алып тастау) мыңға жақын компанияларды енгізіп операциялар жасай аламыз. 1 жылдың ішінде біз системаны арттырып, платформа мен технолоияны жетілдіріп, 10 мың және 100 мың бизнесменді қосып, алытн коинға енгізе аламыз..", - деді City Smart Group компаниясының басқарушы серіктесі Абылай Қасымов. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу