Қазақстанда отбасының цифрлық картасы іске қосылды

728

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрілігі отбасының цифрлық картасы іске қосылғанын хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.  

Қазақстанда отбасының цифрлық картасы іске қосылды Фото: gov.kz

Отбасының цифрлық картасы "Smart Data Ukimet" аналитикалық жүйесімен интеграцияланған, ол жүйеде мемлекеттік органдардың барлық дерекқоры жинақталған. Онда табыс деңгейі, жылжымалы және жылжымайтын мүліктің болуы, отбасы құрамы, несиесінің тарихы және т.б. сияқты әртүрлі ақпарат қамтылған.

"Қазіргі таңда Отбасының цифрлық картасыда жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдердің 9 түрі бойынша қызметтер алу мүмкіндігі берілген: жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемдер; бала күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемдер; жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемдер; асыраушысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемдер; мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған ата-анаға (қамқоршыға) берілетін жәрдемақылар, мүгедектігі бойынша жәрдемақылар; көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақылар; "Күміс алқа" немесе "Алтын алқа" алқаларымен марапатталған көп балалы аналарға берілетін жәрдемақылар; атаулы әлеуметтік көмек. Сондай-ақ, азаматтарға ОЦК арқылы зейнетақы төлемдерін алу мүмкіндігі туралы автоматты хабарлама жіберіледі", - делінген ақпаратта.

Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің деректері негізінде Отбасының цифрлық картасында Қазақстанның 19,5 млн азаматы немесе 6,3 млн отбасы туралы ақпарат жинақталған. Қолда бар деректер негізінде экономикалық, әлеуметтік, тұрғын үй жағдайлары, денсаулық пен білім бойынша отбасының әл-ауқат деңгейін бағалауға және қадағалауға мүмкіндік беретін талдаулар жүргізіледі, ал әлеуметтік тәуекел туындаған жағдайда ОЦК жәрдемақы немесе әлеуметтік төлемді проактивті түрде алуға мүмкіндік береді.

Ол үшін ОЦК арқылы әлеуетті жәрдемақы алушыға SMS-хабарлама жіберіледі және оң жауап болған жағдайда оған тиісті төлем тағайындалып, тиісті қаражат банктегі шотына аударылады.

"2023 жылы әлеуметтік қорғау саласындағы қызметтер тізбесі кеңейтіледі. 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап денсаулық сақтау және білім беру салаларындағы мемлекеттік кепілдіктер енгізіледі. 2025 жылдан бастап жоғарыда аталған үш салада мемлекеттік кепілдіктердің барлық түрлері қамтылмақ" - делінген ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу