2022 жылғы желтоқсанда жоғары сұрыпты ұннан жасалған бидай нанының орташа бағасы килограммына 351 теңгені құрады. Бірінші сұрыпты ұннан - 198 тг/кг, ал қара бидай наны орта есеппен 424 тг/кг сатып алынды, деп жазады inbusiness.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Айта кетсек, 2022 жылдың үшінші тоқсанында қазақстандықтар орташа есеппен (жан басына) бірінші сұрыпты ұннан пісірілген 7,5 кг бидай нанын (қалалық жерде — 7 кг, ауылдық жерде — 8,2 кг) және қара бидай нанының 780 гр (қалалық жерде — 979 гр., ауылдық жерлерде — 475 гр.) тұтынған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу