Қазақстанда өткізілген алғашқы INNOPROM аяқталды

435

Үш күн ішінде көрмені көруге 10 000-нан астам адам келді. 

Қазақстанда өткізілген алғашқы INNOPROM аяқталды Фото: GOV.KZ

25.09-27.09 аралығында Қазақстанда алғаш рет Халықаралық өнеркәсіптік көрме өтті.

12.000 шаршы метр алаңда төрт елден: Қазақстан, Беларусь, Армения және Ресейден 400-ден астам ұйым өз өнімдерін ұсынды. Іскерлік бағдарлама шеңберінде 20-дан астам мамандандырылған кездесулер өткізілді. Онда 60 баяндамашы-сарапшылардың, министрліктер мен әкімшіліктердің алдыңғы қатардағы өкілдері сөз сөйледі.

Көрмеге Әзербайжан, Түркия, Грузия, Үндістан, Қытай, Біріккен Араб Әмірліктері, Тәжікстан, Өзбекстан, Германия, Чехия, Жапония, Швейцария, Америка Құрама Штаттары және Италия сияқты 20 елдің делегациялары қатысты. INNOPROM Қазақстанның негізгі пленарлық кездесуі  Ресей Федерациясы Үкіметінің Премьер-Министрі Мишустиннің, Беларусь Республикасының Премьер-министрі Роман Головченконың және Арменияның премьеры Никола Пашинянның қатысуымен" Жаңа дәуірдің өнеркәсіптік стратегиялары " көрмесінде өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу