Қазақстанда Өзбекстан көлігі құрастырылатын болды

799

Қазақстанда Өзбекстан көлігі құрастырылатын болды

GM Uzbekistan мен Allur Group Қазақстанда Ravon Nexia R3 автокөлігін құрастыруды бастайды, деп хабарлайды bnews.kz.

Алғашқы кезеңде Қостанай қаласында жылына 3000 Ravon Nexia R3 седанының өндірісі басталмақ. Кезең-кезеңімен санын жетілдіре отырып жылына 7000-ға дейін жеткізу көзделіп отыр.

Ravon Nexia R3 автокөлігі Allur Auto және "УзАвто Азия" ЖШС дилерлік компаниялар желісі арқылы жүзеге аспақ.

Айта кетейік, "GM Uzbekistan" АҚ – Өзбекстандағы жеңіл автокөлік өндіруші және экспорттаушы компания. Қазір компания Қазақстанның Allur Group компаниясымен бірге Қостанай қаласында Ravon Nexia R3 моделін өндіруде бірлесіп жұмыс атқарып жатыр.

Жоба аясында "GM Uzbekistan" АҚ мен "СарыаркаАвтоПром" ЖШС арасында келісімге қол қойылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу