Қазақстанда пара алғандар мен бергендер үшін жаза күшейтіледі

876

Елімізде пара алғандар мен бергендер үшін жаза күшейтілмекші. 

Қазақстанда пара алғандар мен бергендер үшін жаза күшейтіледі Фото: baq.kz

Әділет министрлігі осыған қатысты заң жобасын көптің талқысына шығарды. 

Құжатта салынатын айыппұл мөлшерін 10-нан 20 есеге дейін көтеру көзделген.  Егер пара мүлік күйінде берілсе, онда  сол заттың құны мөлшерінде өтеледі.  Болмаса, 1200 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартылады. Не 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан шектеу немесе айыру жазасы кесіледі.

Қолданыстағы заңда айыппұл мөлшері 5 мың айлық есептік көрсеткіш көлемінде бекітілген. Яғни пара алушылар жазасын 17 млн теңге төлеп өтейтін еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу