Қазақстанда парламенттік сайлау 2023 жылдың бірінші жартысында өтеді

1757

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов палатаның жалпы отырысынан кейін 2023 жылы Мәжіліс таратылатынын айтты. 

Қазақстанда парламенттік сайлау 2023 жылдың бірінші жартысында өтеді Фото: azattyq-ruhy.kz

Бұл туралы бүгін Мәжіліс Спикері Ерлан Қошанов мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Президент бүкіл электоралдық циклді жариялап қойған. Парламент сайлауы келесі жылдың бірінші жартыжылдығында өтеді. Көп ұзамай президент өзі хабарлайды. Әрине, сайлаудан кейін жаңа Үкімет жасақталады. Нақты мерзіміне келсек, Президент қашан сайлауды жариялайтынын күту керек", - деді Қошанов дауыс беру мерзімі туралы сұраққа жауап бере отырып.

Сондай-ақ, сайлаудан кейін Үкімет қалай жасақталатыны туралы пікір білдірді.

"Келесі жылдың бірінші жартысында қазіргі Мәжіліс таратылады, жаңа Мәжіліс сайланады. Содан кейін Үкімет ауысады. Ауысқанда, жаңа құрам жасақталады. Осы Үкімет қала ма немесе жаңа Үкімет бола ма, ол жағын Президент шешеді", - деді Ерлан Қошанов.

2021 жылғы 10 қаңтарда өткен Мәжіліске сайлау қорытындысы бойынша "Нұр Отан" басқарушы партиясы (кейін "Аманат" деп өзгертілді) 71,09% дауыс алды, Қазақстан Халық партиясы 9,10%, "Ақ жол" - 10,95% дауыс жинады. Сайлауға қатысқан тағы екі партия 7%-дан аз дауыс жинап, Парламентке өткен жоқ. Сайлаушылардың 5,29%-ы "Ауылға", 3,57%-ы "Адал" партиясына дауыс берді. Сайлауға жалпы  қатысу көрсеткіші 63,25% құрады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу