Қазақстанда пәтер құны арзандап жатыр

692

Мамыр айында елдің 13 қаласында қайталама нарықтағы пәтерлерге ұсыныс бағасы төмендеді. 4 қалада оң динамика байқалған.

Қазақстанда пәтер құны арзандап жатыр Фото: SN.kz

Елімізде пәтер бағасының төмендеуі байқалып отыр. 

"Krisha.kz мониторингіне сәйкес, өткен ай қорытындысы бойынша орташа баға 374 556 теңгені құрады. Бұл сәуір айына қарағанда 0.4%-ға төмен", - деп атап өтті сарапшылар.

Баспана бағасының ең жоғары төмендеуі Астана (1,3%-ға), Өскемен (1,2%), Атырау (1%), Алматы (0,9%) қалаларында тіркелді.

Шымкент (+0,2%), Тараз (+0,2%), Семей (+0,4%), Ақтауда (0,5%) баға көтерілген.

Ресурстың мәліметінше, мамыр айының қорытындысы бойынша бір шаршы метр үшін ең жоғары орташа баға келесі қалаларда тіркелді: Алматыда – 706 мың теңге; Астанада – 475 мың теңгеге жуық; Шымкентте – 433 мың теңге.

Ең төмен баға Қызылорда (236 мың теңге), Ақтөбе (293 мың теңге) және Таразда (306 мың теңгеге жуық).

Жыл басынан бері қайталама нарықтағы пәтер бағасы біршама қымбаттады: +0,4%. Ең жоғары өсім Ақтауда тіркелді: +4,2%, ал ең жоғары төмендеу Көкшетауда (-3,3%). Бес айдың ішінде 12 қалада тұрғын үй 2% шегінде қымбаттады. Оның ішінде Алматы, Шымкент қалалары бар. Бес қалада (оның ішінде Астана да бар) 1,7%-ға арзандады, деп жазылған материалда.

Жылдық динамикаға қайталама нарықтағы баспана орташа алғанда 3,8%-ға қымбаттаған. Ең жоғары өсім Ақтауда (13,4%), ал ең үлкен төмендеу Талдықорғанда (-5,2%).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу