Қазақстанда пәтерді жалға алу құны қымбаттап жатыр

787

Бір бөлмелі пәтерді орташа жалға алу құны – 124 мың теңге.

Қазақстанда пәтерді жалға алу құны қымбаттап жатыр Фото: google.com

27 маусымнан 26 шілдеге дейінгі аралықта баспананы жалға алу 4,2%-ға өскен, деп жазады inbusiness.kz krisha.kz порталына сілтеме жасап.

Бағаның өсуі 13 қаланың 11-інде тіркелген. Атап айтқанда, Қостанай және Петропавлда 10%-ға өскен; Алматы мен Шымкентте – 7%-ға; Ақтауда – 5%-ға; Ақтөбеде – 4%; Астана, Қарағанды, Оралда – 3%; Павлодар, Көкшетауда – 2%.

Атырауда баға өзгермеген. Өскеменде баспананы жалға алу құны 1%-ға төмендеді.

Ресурстың жазуынша, жыл басынан бері жалға берілетін пәтерлер орташа есеппен 3%-ға ғана қымбаттаған. Мұнда Қостанай (+13 %), Ақтау (+10 %), Ақтөбе (+9%) антилидер болды. Бұл ретте баспананы жалға алу құны келесі өңірлерде арзандады: Көкшетау (-6%), Өскемен (-5%), Алматы (-1%).

Елордада тұрғын үйді жалға алудың орташа бағасы қаңтар айының деңгейіне сәйкес келді (0%).

27 шілде бойынша республика қалаларындағы тұрғын үйді жалға алудың орташа бағасы:
- бір бөлмелі – 124 мың теңге;
- екі бөлмелі – 165 мың теңге;
- үш бөлмелі – 209 мың теңге.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу