Қазақстанда "Pfizer" және "Roshe" компаниялары дәрі-дәрмек өндірмек

438

Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Қазақстанда "Pfizer" және "Roshe" компаниялары дәрі-дәрмек өндірмек

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов  "AMANAT" фракциясының кеңейтілген отырысында медицина саласындағы жаңалықтарды баяндады, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Елімізде неврологиялық аурулары бар балаларды оңалтуды қамтамасыз ету мәселесі шешілді. Бүгінгі таңда 55 медициналық ұйым осындай қызмет түрлерін көрсетеді. Оның 27-сі соңғы 2 жылда ашылған. 

Саланы білікті кадрлармен қамтамасыз ету үшін резидентурада мамандар даярлауға мемлекеттік тапсырыс 70%-ке ұлғайды. Ол биылғы жылы 1000 грантқа көбейді.

Соңғы 3 жылда медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеруге республикалық бюджеттен 805 млрд теңге бөлінді.

Бұдан бөлек Смайылов отандық QazVac вакцинасын әзірлеу және нарыққа шығару серпінді жоба болғандығын атап өтті.

"BIGPHARMA ТОП-50 қатарына кіретін ірі әлемдік фарминдустриямен ынтымақтастықты нығайту отандық өндірісті дамытуға қуатты серпін берді. Мысалы, "Pfizer" және "Roshe" компанияларымен Қазақстанда препараттар өндірісін ашу бойынша келісімдерге қол қойылды. Мемлекеттік қолдау шеңберінде қазіргі уақытта 36 отандық тауар өндірушілермен дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жеткізу бойынша 98 ұзақ мерзімді келісімшарт бар. Ағымдағы жылы сатып алынған 1,6 мың дәрілік заттың 947 позициясын немесе 61%-ін отандық фармацевтикалық компаниялар өндірді", деді Үкімет басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу