Елдің ғылыми-технологиялық даму саясаты жоспар бойынша іске асады. ҚР Президенті 2025 жылға дейінгі даму жоспарын бекітті. Құжатты Ұлттық экономика министрлігі стратегиялық жоспарлау агенттігімен бірге дайындаған. Инновацияға қатысты заңнама анағұрлым оңтайлы болады, деп жазады inbusiness.kz. Бұл жаңа технологияларды әзірлеу, сынақтан өткізу және енгізуге (мысалы, пилотсыз автокөліктерді, сынақтан өткізу, өндіріс, өрт сөндіру саласында дрон қолдану және т.б.) тиімді.
Ресурс пен капитал шоғырланған қалаларды 2025 жылға қарай бірыңғай көлік желісіне біріктіру жоспарланып отыр.
Жоба авторлары қала маңында тұратын азаматтар мегаполис орталығына дейін оңай жететін болады деп уәде берді. Құжатта жазылғандай, әр тірек ауылдағы жолдар 100% салынып жөнделеді, ал 3500-ден аса даму мүмкіндігі бар ауыл жаңа стандарт бойынша түрленеді.
Еске сала кетейік, “Яндекс” компаниясы Қазақстанда пилотсыз машинаны қолданысқа енгізу бойынша келіссөз жүргізуде. Одан бөлек қазір “Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы” техникалық регламентке енетін тиісті түзетулер әзірленіп жатыр.
Олжас Оқас