Қазақстанда пияз 4%-ға, қант 2,6%-ға арзандады

359

Ең арзан пияз Талдықорғанда, ал қант салыстырмалы түнде Ақтөбеде арзанға сатылып жатыр.  

Қазақстанда пияз 4%-ға, қант 2,6%-ға арзандады Фото: ritmeurasia.ru

Қазақстанда бір апта ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

2026 жылғы 7 қазандағы мәлімет бойынша, ең көп арзандаған өнімдер – пияз бен қант.

Есепті аптада пияздың бағасы 4%-ға, қант 2,6%-ға, алма 1,8%-ға, картоп 1%-ға, сәбіз 0,8%-ға, балық 0,3%-ға арзандады. Сондай-ақ қаймақ, ет фаршы және күріш бағасы 0,2%-ға төмендеді.

Ал ұн, нан, сүйексіз сиыр еті, қой еті және тауық етінің бағасы өзгеріссіз қалды.

Өңірлер бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жалпы бағасы Атырауда 0,3%-ға, Түркістан мен Ақтауда 0,1%-ға төмендеді. Астана, Алматы, Ақтөбе, Жезқазған, Қонаев, Павлодар, Талдықорған және Тараз қалаларында баға өткен аптадағы деңгейде сақталды.

Еліміз бойынша пияздың орташа бағасы килограмына 133 теңге болды. Ең төмен баға Талдықорғанда тіркеліп, бір келісі 108 теңгеден сатылды.

Қанттың орташа бағасы килограмына 435 теңгені құрады. Ақтөбеде қанттың бір келісі 368 теңгеден сатылып, ең төмен баға тіркелді.

Алманың орташа бағасы килограмына 699 теңге болды. Ең арзан алма Шымкентте сатылып, бір келісі 494 теңгені құрады.

Қиярдың орташа республикалық бағасы килограмына 536 теңге болды. Ең төмен баға Түркістанда тіркелді – 346 теңге. Таразда қиярдың бір келісі 414 теңгеден сатылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу