Қазақстанда пойызбен қатынайтын жолаушылар саны көбейді

523

Биыл 13,5 млн адам тасымалданған.

Қазақстанда пойызбен қатынайтын жолаушылар саны көбейді Фото: inbusiness.kz

2023 жылғы қаңтар-тамызда теміржол көлігімен тасымалданған жолаушылар саны 13,5 млн адамды құрады. Бұл көрсеткіш 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3,3% артық, деп хабарлайды inbusiness.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Дегенмен жолаушылар айналымы 2022 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 0,5%-ға төмендеп, 11 млрд ж-км құрады. 

Жолаушылардың басым бөлігі, яғни 42,2% жаз айларында тасымалданған:

маусым: 1,7 млн 

шілде: 1,9 млн 

тамыз: 1,9 млн 

Жолаушылар таңдаған ең танымал бағыт – Астана, 8 ай ішінде елордаға 3,7 млн жолаушы билет сатып алды, одан кейін жиі барған өңір Ақтөбе облысы – 1,2 млн жолаушы, үшінші танымал бағыт – Қызылорда облысы, 1 млн жолаушы. 

2023 жылғы қаңтар-тамызда теміржол көлігімен жолаушыларды тасымалдаудан түскен табыс 82,7 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,9% көп. 

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың қаңтар-тамыз айларында көліктің барлық түрімен 999 млн жолаушы тасымалданған (+8,5%).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу